ГЛАВНЫЙ БАННЕР_03_16 Декабря_День Независимости!
ГЛАВНЫЙ БАННЕР_Рухани_Жангыру
ГЛАВНЫЙ БАННЕР_02_20-летие_Астаны
С Новым Годом!
Шаблоны joomla 2.5
Награждены лучшие столичные первичные ячейки партии «Нұр Отан»
Итоги первого республиканского творческого конкурса «Сокровенные струны души: песенное творчество Н. А. Назарбаева»
КВН-фестиваль «Город, в котором хочется жить»
Городской фестиваль-конкурс ведущих
Обмен творческим опытом
Инновации в дополнительном образовании. Опыт международного сотрудничества
Международный семинар
"Путешествие в страну добрых дел" для первоклассников
«Мир равных возможностей»
День открытых дверей во Дворце школьников им. М. Утемисова
Августовское совещание педагогов в Астане - 2017
Видеорепортаж «Парад детских и молодежных музыкальных оркестров и ансамблей, посвященный Дню защиты детей, в Астане» (2017)
Летняя школа творчества приглашет на второй сезон!
«Одна страна — одна судьба» - Дню единства народа Казахстана посвящается
Выставка студии «Кисть художника»
Меморандум о взаимопонимании и сотрудничестве
Итоги проведения городской педагогической олимпиады «Талантливый учитель — одарённым детям»
Завершился первый международный фестиваль искусств «ШАШУ»
Итоги городской выставки «Тумар-2017»
Итоги II городского конкурса «Бал Бала» среди дошкольных организаций Астаны
Приглашаем на конкурс творческих открытий «Шаттық-2017»!
В столице наградили победителей премии «Народный любимец»
Республиканский конкурс юных наследников Махамбета «Ұлы дала ұрпағы»
Место встречи — Вильнюс!
Первый городской хореографический конкурс среди детей дошкольного возраста «Бал Бала»
Пред
След
шаблоны joomla на templete.ru

«Дәстүрлі ән айту» үйірмесі

Жетекшісі: Марат Байымбетов, екінші санаттағы педагог. 

Бабадан балаға мирас болған дәстүрлі ән өнерін насихаттауды мақсат етіп алғаш Оқушылар сарайына ат басын тірегенімде, ерке сылқым Есілдің бойынан орын тепкен Махамбет Өтемісұлы атындағы бүгінде 25 жылдық тарихы бар Оқушылар сарайы, менің ұлттық өнерді үйретудегі игі мақсаттарымды құп көріп, 2008 жылы қыркүйек айында 7 мен 17 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған «Дәстүрлі ән айту үйірмесін» ашып, ән өнеріне талпынысы бар оқушыларды қабылдап еді. Міне, бүгінде бес жыл ғұмыры бар үйірме талай асуларды артқа тастап, талантты жасөспірімдерімен белестен белеске биіктеп келеді. Үйірме оқушылардың жас ерекшелігіне қарай деңгейлі топтарға бөліну арқылы жұмыс жасауда.

Үйірменің мақсаты — халқымыздың атам заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі домбыра және ұлттық салт-дәстүр, музыка негізінде жас ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ұлттық дүниетаным негіздерін қалыптастыру. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.

Домбыра — көне аспап және ол қазақпен кіндіктес ұлыстардың бәріне ортақ мүлік. Сол домбыраның құлағында шебер ойнайтын оқушылар еліміздің ұлттық мерекелерінде Оқушылар сарайының киелі сахнасында ұлттық ән өнерін жандандырып, көрермен көзайымына айналып жатса, «Асыл мұра» өнер шеберлері сайысында «Батырлар жырын» орындау номинациясы бойынша 2 орынды, «Таза мінсіз асыл сөз» атты қазақ фольклоры фестивалінде 3 орынды олжалады, 2011 жылғы Шәкәрім жырлары сайысында бас жүлдені Нағашыбай Ғибрат иеленді, сондай-ақ «Дельфий ойындарына» Алпысбаев Ернат қатысып, дипломант атанды, Касенова Камила III Республикалық «Тайжарыс» радиобайқауының «ән салу» номинациясы бойынша II орын иегері. Үйірме оқушылары Астананың туған күніне, Наурыз мерекелеріне, Ұлы Жеңіс мерекесі және балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерттерде өнерлерімен талайды таңдай қақтырып келеді.

Осы жетістікке бастар жолда біз Оқушылар сарайының «Болашақ» домбырашылар, «Ару қобыз» қобызшылар, «Нұр» қазақ балалар театрларымен бірлесе жұмыс жасаудамыз.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» деген еді. Ұлттық өнерді ұлықтайтын осындай өнер ордаларының көбеюі — ұлттық тәрбиеге аса мән беруіміздің айғағы. Олай болса, өскелең ұрпақ, үйірме жеткіншектері елін қалтқысыз сүйген ұлтжанды азаматтар больш, бақытты балалық шағын әсем әнмен әрлей жүріп, биік белестерді бағындыра берсе, ұстаз еңбегінің еш кетпегені деп білемін.

  • Стоимость в месяц тг: 7 400
  • Телефон: +7 701 4514781
  • Аудитория №: 307
  • Расписание занятий:

    ПН ВТ СР ЧТ ПТ СБ ВС
    -
    10.00-11.20
    15.00-16.20
    -
    -
    10.00-11.20
    15.00-16.20
    -
    -

  • Одежда, принадлежности: музыкалық аспабы болуы шарт
Прочитано 2672 раз

Фотогалерея изображений

Просмотреть встроенную фотогалерею в Интернете по адресу:
http://dvor.kz/ansambli-kruzhki-sektsii/instrumentalnye/d-st-rli-n-ajtu.html#sigProGalleriaf55e2b088f

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить