Приглашаем в бассйен
Рухани Жангыру
«Шаттык-2019»
Церемония награждения бронзовых и серебряных победителей городского конкурса творческих открытий «Шаттык-2019»
Семинар «Организация отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков г. Нұр-Султан в период летних каникул 2019 года»
Летняя школа творчества приглашает отдохнуть на летних каникулах!
Открытие 13 городского конкурса «Шаттык-2019»
Международный фестиваль искусств «ШАШУ»
Финал национального этапа Международного конкурса юных чтецов «Живая классика»
Круглый стол «Трехъязычие — путь к успеху»
Названы финалисты конкурса юных чтецов «Живая классика»
Творческая встреча с Дильнур Биржановой — победительницей проекта «X-Factor»
"Формула хореографии". Ансамбль народного танца "Байтерек"
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Ұлы дала ұрпағы» атты Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған III Республикалық байқауы туралы
Информация о проведении городского отборочного тура III Республиканского конкурсаюных наследников Махамбета «Ұлы дала ұрпағы»
Семинар по подготовке к конкурсу «Шаттық -2019»
Творческая встреча с детским писателем-сценаристом Игорем Шевчуком
Дворец награждает лучших!
Жақсылыққа толы жолдау
Итоги городского конкурса ведущих
Праздничное чествование учителей столицы  «Жулдызды шашу»
Интерактивная игра «Посвящение в юные пешеходы»
Итоги фотоконкурса «Отбасы әлемі»
Международная встреча членов Европейской ассоциации учреждений неформального образования детей и молодежи (EAICY) в Астане
Организация отдыха детей на летних каникулах - задача общая
Награждение серебряными наградами финалистов XII городского конкурса детских и юношеских открытий «Шаттык-2018»
Летняя школа творчества приглашает отдохнуть на летних каникулах!
Пред
23 Май 2019 Чт
След
Пятница, 25 Январь 2019 20:10

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Ұлы дала ұрпағы» атты Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған III Республикалық байқауы туралы

Автор 

АҚПАРАТ

Өткізілетін уақыты: 23 қаңтар 2019 жыл, сағат 15.00.

Өткізілетін орыны: Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы.

Қатысушылар: Республикалық мектеп, лицей, гимназия, қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары.

Мақсаты: Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге, адамгершілік, патриоттық идеалдарды, ұлттық-патриоттық сезімді қалыптастыру.

Міндеттері:

- қолданбалы өнер, музыка, театр және көркем сөздер жанрына, жеғары көркем мәдениетіне оқушыларды қатыстыру;

- оқушылардың эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- халқын сүйген, халық мұңын жырлаған патриот ақын, жыршы, батыр Махамбет Өтемісұлын үлгі ету арқылы патриоттық сезімді насихаттау;

- жастарды шығармашылық ізденіске және шығармашылық өзін-өзі танып білуге, рухани құндылықтарға, отандық мәдениетке, оқуға, халық шығармашылығына дағдыларын қалыптастыру.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласы Білім басқармасы мен Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Ұлы дала ұрпағы» атты Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған III Республикалық байқауы өтті.

Елордалық білім беру мекемелерінің оқушыларына арнап жыл сайын Махамбет Өтемісұлының шығармашылық жолын насихаттауға бағытталған әдеби көркемсөз байқауы ұйымдастырады. Аталмыш байқау биыл үшінші рет республикалық деңгейде өткізілді. «Ұлы дала — ұрпағы» деп аталатын бұл байқау өз ауқымын кеңейтіп, Қазақстанның барша өңірлерінен қатысуға ниет білдіретін өнерпаздарға өз есігін айқара ашты.

Осымен он алтыншы жыл ұйымдастырғалы отырған бұл жоба өз аясына осы жылдар ішінде Павлодар облысы, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысынан өнерпаздарды тоғыстыра білді. Биылғы жылы да дәл солай Қарағанды, Ақмола, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облысы, Щучинск қалаларынан қатысушылар келіп өз бақтарын сынады.

Сонымен қатар, елорда мектептерінен 40-тан аса қатысуға деген өтініш түскен болатын.

Makhambet 2019 1

Байқау екі кезеңнен құралады:

I кезең — іріктеу кезеңі. Елорда қатысушылары үшін 15 қаңтар күні М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында іріктеу кезеңі өтті. 40-тан аса мектеп арасынан № 55, 66, 70, 80, 52, 73, 54, 85, 74, 48 мектеп ұжымдары ақтық мәреге өтті.

Ал аймақ қатысушылары бейнероликтері мен өтініштерін жолдап, сол бейнематериалдары арқылы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Щучинск қаласы, Целиноград ауданы және Ерейментау қалалары іріктеліп алынды.

II кезең — байқау кезеңі. Байқаудың негізгі кезеңіне іріктеуден сүрінбей өтіп, үздік деп танылған қатысушылар өтті.

Байқау «Біз — Махамбет ұрпағы!» және «Ұлы дала ұрпағымыз» деп аталатын екі номинация бойынша өтті. Әр номинация бойынша қатысушыларға әдеби-музыкалық композиция дайындау талабы қойылды. Қатысушылар өз өнерлерін топ ретінде көрсетіп, ортақ композиция құрды. Топ құрамы 5 адамнан 10 адамға дейін болуы шарт. Байқау екі жас ерекшелігі бойынша өтті: 12-14 жас; 15-17 жас.

Нәтижесінде:

Бас жүлде — № 74 мектеп-гимназиясы;

12-14 жас ерекшелігі бойынша: 1 орын — Маңғыстау обл., Түпқараған ауданы;

2 орын — № 52 мектеп-гимназиясы;

3 орын — № 55 орта мектеп.

15-17 жас ерекшелігі бойынша:

1 орын — № 80 мектеп-гимназиясы;

2 орын — № 73 мектеп-лицейі;

3 орын — № 85 мектеп-лицейі.

Прочитано 533 раз

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить