Конкурс Шаттык
Приглашаем в бассйен
Рухани Жангыру
Информация о проведении городского отборочного тура III Республиканского конкурсаюных наследников Махамбета «Ұлы дала ұрпағы»
Семинар по подготовке к конкурсу «Шаттық -2019»
Творческая встреча с детским писателем-сценаристом Игорем Шевчуком
Дворец награждает лучших!
Жақсылыққа толы жолдау
"Формула хореографии". Ансамбль народного танца "Байтерек"
Итоги городского конкурса ведущих
Праздничное чествование учителей столицы  «Жулдызды шашу»
Интерактивная игра «Посвящение в юные пешеходы»
Итоги фотоконкурса «Отбасы әлемі»
Международная встреча членов Европейской ассоциации учреждений неформального образования детей и молодежи (EAICY) в Астане
Организация отдыха детей на летних каникулах - задача общая
Награждение серебряными наградами финалистов XII городского конкурса детских и юношеских открытий «Шаттык-2018»
Летняя школа творчества приглашает отдохнуть на летних каникулах!
Награждение бронзовыми наградами финалистов XII городского конкурса детских и юношеских открытий «Шаттык-2018»
Конкурс "Шаттык-2018". Итоги состязаний в жанре "Хореогрфия"
9 апреля стартует XІI городской конкурс творческих открытий «Шаттык-2018»
«Пристань детской мечты». Торжественное мероприятие, посвященное 30-летию Дворца школьников им. М. Утемисова
«Три десятилетия Дворца — траектория успеха»
Фестиваль «Дворец зажигает звезду!»
Квест для детей во Дворце
Выставка детских работ «Мир красок» в Национальном музее Республики Казахстан
Итоги II Республиканского конкурса выразительного чтения «Ұлы дала ұрпағы»
Новогодние представления для школьников
Новый год спешит в Астану
Пред
След
Пятница, 07 Декабрь 2018 21:14

Жақсылыққа толы жолдау

Автор 

Астана қаласындағы М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау бойынша дөңгелек үстел больш өтті.

Дөңгелек үстелге педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Байқоңыр Ижанұлы Ижанов және педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім саласының құрметті қызметкері, М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының әдіскері Валентина Ивановна Рябова, Оқушылар сарайының еңбек ұжымы және мектеп белсенділері қатысты.

Басқосуда ел игілігіне арналған қос мақала бойынша ой-пікірлер ортаға салынды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру, халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында атқарылған қыруар істердің ең негізгілеріне тоқталған болатын.

Ол сондай-ақ өмір сүру деңгейінің артуы — әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты екенін атап өтіп, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі секілді әр азаматқа, әр отбасына қатысты мәселелерге ерекше назар аударды.

Елбасының «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын» — деген ұсынысы дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан зор қолдауға не болды.

Педагог мәртебесінің өсуі жастарды тәрбиелеу мен оларға білім беруде үлкен серпіліс әкелетіні айтылды.

Ал Президенттің келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауы еліміздің жастарына деген зор қамқорлықтың, қолдаудың белгісі екені анық.

Жолдауда ауылдарға деген ыстық ықылас та сезіліп тұрды. Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуды мақсат еткен «Ауыл — ел бесігі» жобасы ел еңсесін тағы бір көтеріп тастады.

Осы басқосуда талқыланған келесі тақырып — Елбасының Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы болды.

Қатысушылар мақалада ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қыры атап көрсетілгенін, көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап ететінін тілге тиек етті.

Ұлы даланың Жеті қырының әрқайсысы әр қазақстандықтың өткеніне үңіліп, болашағына көз тастауын, қоғамның дамуына қосқан үлесін ой таразысына салуын көздейді.

Ал «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өткенімізге оң көзқараспен қарап, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге үлес қосса, Ұлы даланың Жеті қыры ұлттық сананың оянуына, оның жаңа заман талаптарына сай қалыптасуына жол ашары сөзсіз.

Дөңгелек үстел отырысында Елбасы мақаласы бойынша № 84 мектеп-лицейінің оқушысы Ерсұлтан Русланов және жоба орталығының белсенділері № 66 мектеп-гимназиясының оқушысы Данияр Бекетов және № 64 мектеп-гимназиясының оқушысы Дамир Амангельдин өз ойларын ортаға салды. Елбасы Жолдауы мен мақаласын талдауға № 1, 2, 6, 8, 9, 10, 15, 30, 32, 38, 40, 43, 45, 58, 61, 62, 64, 66, 77, 78, 79, 81. 84 мектептерінен барлығы 31 оқушы қатысты.

Прочитано 99 раз

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить